вторник, 12 мая 2020 г.

Елімізде әскери психологтар шұғыл режимде жұмыс істеуде.


Елімізде әскери психологтардың мобильді тобы шұғыл режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олар төтенше жағдай кезінде жұмысқа тартылған әскери қызметшілерге психологиялық көмек көрсетуде. 

Мысалы, Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының қызметкерлері осыған дейін 6 мыңнан астам нысанда зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді. 

Күнделікті зарарсыздандыруға шығар алдында міндетті түрде психологиялық жаттығулар жасайды. 

Мамандар әскерилердің жай-күйін анықтайтын жедел тест алады. 

Арт терапия мен тыныс алу гимнастикасына да ерекше көңіл бөлінген. 

Ал, зарарсыздандырудан қайтқанда релаксация тәсілдері қолданылады. 

«15-20 минуттық жаттығулар әскерилердің шаршағанын басып, жұмысқа деген ынтасын арттырады», - дейді психологтар. 

Сандуғаш Дәуренбекова, РЭжБӘИИ психологиялық қамтамасыз ету қызметінің бастығы: 

- Әскери қызметшілерімізге сурет салу және ермексазбен қандай да бір бейнені, скульптураны салуға ұсыныс жасадық. 

Ол кезде әскери қызметшілер өздерінің нақты қазіргі көңіл-күйлерін сипаттайтын суреттерін салды. 

Бұл суреттер арқылы біз қандай түсті таңдағаны, ашық түстер ма әлде кішкене қара қоңырлау түстер ме, ол ішіндегі жаңағы үрей, қорқынышы бар ма? 

Соны анықтай аламыз.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/390611-elimizde-skeri-psikhologtar-sh-yl-rezhimde-zh-mys-isteude

Комментариев нет:

Отправить комментарий