Страницы

понедельник, 11 мая 2020 г.

Әскери психологтар төтенше жағдай кезінде шұғыл режимде жұмыс істеуде.


Мобильная группа военных психологов усиленно несет службу в Алматы.

Төтенше жағдай кезінде жұмысқа тартылған әскери қызметшілерге психологиялық көмек көрсету үшін ҚР Қарулы Күштерінде әскери психологтардың мобильді тобы құрылып, олар шұғыл режимде жұмыс істеуде.

Олардың негізгі мақсаты – зарарсыздандыру жұмыстарына, блок-бекеттерге және қала көшелерін патрульдеуге тартылған әскери қызметшілерге шұғыл-психологиялық көмек көрсету. 

Төтенше жағдайда әр әскери қызметшінің психологиялық жай-күйі психологтар тарапынан тұрақты қадағалауды және зерделеуді қажет етеді.

«Сол себепті тренингтер мен терең тыныс алу жаттығулары, жеке әңгімелесу адамның қалыпты өмірге қайта келуіне ықпал етеді. 

Сондай-ақ, аталған тренингтер тіпті психолог маманы жоқ кезде де әскери қызметшілердің өзара бір-біріне психологиялық көмек, моральдық қолдау көрсетуіне септігі зор», — деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты психологиялық қызмет көрсету қызметінің бастығы подполковник Сандуғаш Дәуренбекова.

Зарарсыздандыру жұмыстарына шығар алдында моральдық-психологиялық тұрақтылығын анықтап, оларды іріктеу мақсатында экспресс-тестілеу арқылы психодиагностикалық жұмыс жүргізіледі. 

Одан кейін арт-терапия әдісі арқылы (сурет салу, пластилиннен бейне салу арқылы) жеке құрамның ішкі сезімі мен көңіл-күйі анықталады. 

Оған қосымша психологиялық әңгімелесу, адамның физикалық және физиологиялық жай-күйін реттеуге бағытталған тыныс алу жаттығулары жасалады. 

Зарарсыздандыру жұмыстарынан қайтып келгеннен кейін де психологиялық әңгімелесу жүргізіліп, релаксациялық тренингтер өткізіледі.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

https://45minut.biz/?p=133928

Комментариев нет:

Отправить комментарий