Страницы

понедельник, 17 декабря 2018 г.

Психологтар жеке бастарының қасиеттерін таныды. ФОТО.


Маңғыстау облысы ІІД Заңсыз көші-қонмен күрес арнайы жеке ротасының 15 қызметкерінің қатысуымен тренинг өтті, деп хабарлайды patrul.kz.

Тренинг қызметкерлердің кәсіби-психологиялық даярлығы және жеке құрамның кәсіби қызметін психологиялық қамтамасыз ету бойынша «Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу», «Профайлинг», «Кикілжіңнің алдын алу жолдары», «Экстремалдық жағдайларға қарсы төтеп бере білу» тақырыпта түсіндіру жұмыстары өткізіліп, жан-жақты кеңестер берілді.


Шара барысында психолог мамандарға «Сезін», «Пойми меня», «Шырмауық», «Сенім», «Кері қатынас» сияқты жаттығулары жүргізілді.

«Ұжымдағы қалыптастыруға арналған» атты тренинг – қызметкерлер бірін-бірі бағалай білуге, жағымды қарым-қатынас орнатуға және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталу болды.


«Қызметкерлерге басшының жеке тұлғасына тән маңызды қасиеттерін, дағдылары мен біліктілігі жөнінде мағлұмат берілді. 

Стратегиялық ойлау, ұйымдастыру қабілеті, коммуникация, сыртқы байланыс, қарым-қатынас дағдылары, басшылық стилі, жұмыс сапасына көңіл аудару мен мадақтау, қойылған мақсаттарға қол жеткізу және т.б. осы қасиеттердің барлығы басшыға тән қасиеттер екендігі айтылды», - деді Маңғыстау облысы ІІД КЖБ инспектор-психологы Ақылбек Айдарбаев.


Жалпы тренинг барысында қызметкерлер өздерінің жеке басының қасиеттерін тани білді. Бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатып, терең танысып, бір-біріне қолдау көрсетті.

Психологтар өздерін жеңіл сезініп, жақсы көтеріңкі көңіл-күймен ұйымдастырушылыққа, қарамағындағылар мен өздеріне сенім білдірген адамдарға жауапкершікпен қарап, саналы түрде сезіне білу түйсіктерін айқындай түсті.

https://patrul.kz/novost/psihologtar-zheke-bastaryny-asietterin-tanydy-foto

Комментариев нет:

Отправить комментарий